You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 39130
    Дата: 16.01.2018 23:06:26
    Аты-жөні: Байбулатова Гульнара
    Сұрақ:
    Құрметті, Жансейіт Амангелдіұлы. Мен, Байбулатова Гульнара, Таранчиев Адылбек Абыкаевұлынан 19.04.2013ж занды түрде ажырастым.Арамызда 1 ұл, 1 қыз бар. Сот ажырасқанда ұлды әкесінің, қызды менің қамқорлығына қалдырды. Сол уақыттан беры еш алимент төлеген жоқ. Қазіргі уақытта ұлым да менімен бірге тұрады. 30.07.2017ж Қарасай аудандық сотына өтініш қалдырдым. 10.07.2017ж Қарасай аудандық соты жауап беруші Таранчиев Адилбектен алимент өндіріп беруге бұйрық шығарды. Бұйрық шыққан сон мені Жеке сот орындаушыларының (ЖСО) аймақтық палатасына жіберді. ЖСО аймактық палатасына 09.11.17 өтініш қалдырдым. Менің ісімді Бугубаев Роллан жеке сот орындушысына берілді. Осы уақытқа дейін еш нәтиже, жауап, шешім шыққан жоқ. Сізден, өтініш, менің ісімді шешіп беруге комектемуіңізді сұраймын. Алдын ала үлкен рахмет.
    Жауап күні:
    19 қаңтар, 2018 - 18:52
    Жауап:
    обращение Байбулатовой .Г
  • Сұрақ №: 37880
    Дата: 05.12.2017 17:19:40
    Аты-жөні: Мешитбаева Дамира
    Сұрақ:
    Сəлеметсізбе мен Байсерке ауданынын милицияларына шағымым бар мен Нвурыз айында 22мектепте телефонымды урлатып алдым осы уақытқа дейін тауып берген жок кеше сол урланған телефоным косылды бүгін барып телефонымды косылғанын айтсам өзіміз хабарласамыз деп тексермей койды сіздерден өтініш осыны қадағаласаңыздар осы уақытқа дейін неге іздемейд дəлел көрсетсемде тексерген жоқ
    Жауап күні:
    25 желтоқсан, 2017 - 17:17
    Жауап:
    Д.Ж.Мешитбаеваға блогқа Құрметті Дамира Жаксликкызы! Сіздің, Іле АІІБ-ның қызметкерлерімен тергеліп жатқан №1719680310001081 санды қылмыстық істің тергелуінің созбалаңға салынғаны туралы жазған арызыңыз қаралды. Анықталғаны, 07.03.2017 жылы Іле аудандық ІІБ – ның анықтаушысы О.К.Смагуловтың қаулысымен жоғарыда аталған қылмыстық іс ҚР ҚПК – нің 45 – бабының 7 – бөлігі 1 – тармағына сай іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі үзілген. Кәзіргі уақытта, Іле аудандық ІІБ – ның анықтаушысы О.К.Смагуловты жауапкершілікке тартуға мүмкіншілік жоқ, себебі қызметтік лауазымынан босатылған. Алайда, арызыңызда көрсетілген уәждеріңіз аудан прокуратурасымен қаралып, ҚР ҚПК-нің 24-бабының талаптарын орындау, яғни жан-жақты және толық тергеу амалдарын жүргізу мақсатында жазбаша нұсқау берілді. Қабылданған шешім бойынша және атқарылып жатқан тергеу жұмыстары жөнінде жоғарыда аталған мекемемен хабарланады. Іле ауданының прокуроры Е.Молдахметов орын.А.Жаксыбаев тел. 8 72 752 2 11 94
  • Сұрақ №: 37489
    Дата: 23.11.2017 08:03:43
    Аты-жөні: Калипекова Камила
    Сұрақ:
    Сәлеметсіздерме құрметті Талғар аудандық прокуратурасы? Менің шағымым Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан Жетісу Газ Құбыры ұйымы жайлы болмақ. Менің куйеуім Калипеков Айбар осы Жылдың мамыр айының 15жұлдызында газды қостыру мақсатында жетісу газ құбыры ұйымына барып 309000теңге барып Толеді. Бұл деген төленуі керек болатын барлық сомма. Келісімшарт құрылды. Олар Келісімшарт бойынша Талғар ауданы Бірлік ауылы Балуан Шолақ көшесі 5а мекенжайына 6айдың ішінде, яғни қарашаның 15не дейін бізге газды кіргізулері керек болатын. Бірақ жоқ, кңргізілмеді. Келісімшарт бұзылған жағдайда бізге кім комектесе алады? Жоқ əлде барып шағым жазылуы тиіспе біздің тарапымыздан
    Жауап күні:
    4 желтоқсан, 2017 - 12:51
    Жауап:
    К.О.Калипековаға Құрметті Камила Оразханкызы! Сіздің Жетісу Газ Құбырының ұйымы жайлы жазған арызыңыз аудан прокуратурасымен қаралды. Араларыңызда азаматтық қарым-қатынас орналануына байланысты, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 9 бабына сәйкес азаматтық құқықтарыңыз сотпен қорғалатынын түсіндіреміз. Осыған орай, тексеру жүргізуге прокуратура құқықтық негізінен айырылған. Талғар ауданының прокуроры Б.Қыдырбаев орын.Сағымбеков Е. тел.2-10-45
  • Сұрақ №: 37488
    Дата: 23.11.2017 08:02:20

    4 желтоқсан, 2017 - 12:49
    Жауап:
    К.О.Калипековаға Құрметті Камила Оразханкызы! Сіздің Жетісу Газ Құбырының ұйымы жайлы жазған арызыңыз аудан прокуратурасымен қаралды. Араларыңызда азаматтық қарым-қатынас орналануына байланысты, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 9 бабына сәйкес азаматтық құқықтарыңыз сотпен қорғалатынын түсіндіреміз. Осыған орай, тексеру жүргізуге прокуратура құқықтық негізінен айырылған. Талғар ауданының прокуроры Б.Қыдырбаев орын.Сағымбеков Е. тел.2-10-45
  • Сұрақ №: 36509
    Дата: 26.10.2017 11:42:58
    Аты-жөні: Суименова Балнур
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба ? Менің шағымым төмендегі :Посёлок Боралдай новостройка 2015жылдан бері ұрлық почти барлық үйді тонап шықты ұсталып жатқан ұры да жоқ, қимылдап жатқан учасковой да жоқ. Біздің үйге де түскен,көршіміз екеумызге июль айының соңында бір күнде кешкі сағат 16:20 дан21:20аралығында үйде болмаймыз сол аралық та. 102ге звандадық учасковой келді тексерді кетті. Жолдасым Алимкулов К.И. атынан шағым жаздық. Содан тыптыныш. Өзім үш айлық жəне 2жастағы баламен үйде, жолдасым жұмысқа кеткенде қорқынышта отырам тағы терезені тағы біреу бұзып крема деп, бүкіл новостройка қорқынышта отырады. Ұрылар ұсталмайтынын біліп ертең зорлық зомбылыққа көшесі деп. Соған бір шешім табылса дейміз
    Жауап күні:
    10 қараша, 2017 - 16:37
    Жауап:
    Құрметті Балнур Сериковна! Сіздің, Іле АІІБ-ның қызметкерлерімен тергеліп жатқан №171968031003595 санды қылмыстық істің тергелуінің созбалаңға салынғаны туралы жазған арызыңыз қаралды. Арызыңызда көрсетілген уәждеріңіз аудан прокуратурасымен қаралып, ҚР ҚПК-нің 24-бабының талаптарын орындау, яғни жан-жақты және толық тергеу амалдарын жүргізу мақсатында жазбаша нұсқау берілді. Қабылданған шешім бойынша және атқарылып жатқан тергеу жұмыстары жөнінде жоғарыда аталған мекемемен хабарланады.

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.