You are here
Алакөл ауданында сот, прокуратура және полиция арасында Меморандум жасалды


Өзгерістер бағдарламасы мен «Қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасын жүзеге асыру аясында Алакөл аудандық прокуратурасы, Достық көлік прокуратурасы, Алакөл аудандық ІІБ-мі, Желілік ІІБ-мі және Алакөл аудандық соттың арасында өзара ынтымақтастық туралы Мемарандум жасалды.
Меморандум мақсаты – азаматтардың мүдделерінде қылмыстық іс жүргізуді оңтайландырып, сапасын арттыру.
Сот талқылауын қысқартылған тәртіпте жеті және он бес тәулікке дейін мерзімде қаралу туралы алдын-ала келісім жасалды.
Кейбір істер бойынша қабылданған процестік шешімдердің заңдылығы полиция бөлімінде тексеріліп, оларды зерделеу мерзімдері қысқартылған.
Жобаны жүзеге асыру кезеңінде, 3 тәуліктен 10 тәулікке дейін мерзімде сотқа 31 қылмыстық істер жолданған, яғни 93,3 пайызын құрады.
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу