You are here

Алакөл ауданында «Ұрлыққа тосқауыл» жобасының аралық жұмыс нәтижесі қаралды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алакөл ауданында «Ұрлыққа тосқауыл» жобасының аралық жұмыс нәтижесі қаралды  - 727201291

Алакөл ауданы прокуратурасының бастамасымен аудан мәслихатың кезектен тыс сессиясында «Ұрлыққа тосқауыл» жобасының аясында бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу мәселелері қарастырылды.

Назар аударатын жағдай, аталған бағыттағы жұмыс облыстық  прокуратура, әкімшілік, ІІД басшылары бекіткен, «2016-2017 ж.ж. мал ұрлығына қарсы жол картасын» жүзеге асыру мақсатында құрылған мобильді топпен (прокуратура, полиция, әкімшілік, мал дәрігерлік инспекция қызметкерлерімен) жүргізілуде.

Талдаудың нәтижесі бойынша, мал ұрлығы 14 елді мекенде жиі орын алатыны анықталды. Негізгі себебі – үй жануарларының бақылаусыз жайылысы.

Ұрлықтың алдын алу мақсатында аталған елді мекендерде полиция, мал дәрігерлік инспекциясының, ерікті көмекшілердің күштерімен рейдтер өткізілуде.  

Қазіргі таңда, ауданның барлық 24 елді мекенінде малды бағуға арналған жер телімдері бөлініп, бекітілген, бақылаудағы жайылысы ұйымдастырылған, үй жануарларының санағы жүргізіліп, бақылаусыз жайылып жүрген малдарға арналған тұрақ жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, ауданның мал сату орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, мобильді мал дәрігерлік күзет орындары ұйымдастырылып, ұрланған малдарды тасымалдауға тосқауыл қойылды.

Бірлескен іс шаралардың нәтижесінде биылғы жылдың 6 айында ұрлықтың саны 28,4 пайызға (95-тен 68-ге), соның ішінде мал ұрлығы  30 пайызға (10-нан 7-ге) азайған.

Осыған ұқсас 2016 жылы мал ұрлығының төмендеуі 42,8 пайызға (49-дан 28-ге) байқалады.

Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.

 

Алакөл ауданының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.