You are here

Алматы облысы Алакөл ауданы тұрғындарының назарына Комитеттің инновациялық жобалары ұсынылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 03 тамызында ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы бастығы Б.А.Тазабеков Алакөл ауданы, Үшарал қаласына барып, Алакөл ауданының прокуроры Д.Н.Тұрсыновпен бірге Алакөл ауданының мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, активімен, кәсіпкерлерімен, сонымен қатар тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аталған шараның мақсаты тұрғындардың сенімінің деңгейін көтеру, қоғаммен қатынас орнатып, ҚР Бас прокуратурасы Комитетімен іске асырылып жатқан жобалар жайлы таныстыру болды. 

Бұл кездесу диалог түрінде өтті.

Басқарма бастығы Б.А.Тазабеков құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы, заңдылық пен құқықтық тәртіп бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Басқарма қызметкерлері бұл жүйелерді қолдануды көрнекі түрде көрсетті.

Кездесуге қатысушылар Басқарма қызметкерлеріне өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойды.   

Негізінен бұл сұрақтар сотталмағандығы туралы анықтаманы алу, автокөліктердің жол-көлік оқиғаларына қатысуы, салынған айыппұлдар туралы ақпараттарды алу бойынша қойылды, бұл сұрақтардың бәріне нақты түсіндірулер берілді.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасымен мұндай кездесулерді облыстың барлық аудандарында өткізу жоспарлануда.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.