You are here

Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасы мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша іс-шаралар жүргізуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасы мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша іс-шаралар жүргізуде - 833100593

Аудан прокуратурасы тарапынан жүргізілген талдаумен 2016 жыл мен 2017 жылдың өткен мерзімінде мүмкіндіктері шектелген 230 астам азаматтармен мемлекет бюджетіне 350-мың теңге көлемінде салық төлегені анықтады. Осы уақыт кезінде кейбір мүгедектер мүлік, көлік, жер салығы, тағы басқа да мемлекеттік баж салықтарын төлеп келген. 

Салық заңнамасы нормаларына сәйкес мүгедектер әртүрлі салықтық жиналымдарынан босатылғандықтарына қарамастан, жергілікті әкімдік мамандарымен толық емес мәліметтер ұсынғандықтан және заңдарды білмеудің салдарынан осы азаматтардан жыл сайын салықтар алынып отырылған. 

Болашақта аталған деректерді болдырмау үшін, осы мәселе бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін аудан прокуратурасы тарапынан уәкілетті мемлекеттік органдарымен семинар-кеңес өткізілді, мүлік, көлік, жер салығы, тағы басқа да төленген салықтарды қайтару тәртібі түсіндірілді.

Барлық ауылдық округ әкімдіктеріне және жоғарыда аталған салықтық алымдарды төлеуден босатылған құқығы бар азаматтарға дайындалған жадынамалар таратылды.

Заң бойынша мүмкіндіктері шектелген азаматтардан мемлекет бюджетіне аударылған мұндай қаражаттар қайтарылуға жатады.

Осыған байланысты, аудан прокуратурасы білместіктен салық аударымдарын жасаған мүмкіндігі шектеулі азаматтарды аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына баруға шақырады.

Қабылданған шаралар болашақта мұндай деректерді болдырмауға, осы санаттағы тұлғалардың өз құқықтарын білуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасы тарапынан облыс прокуратурасының «Мүгедектерге жұмыс» жобасын жүзеге  асыру аясында мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде.

Атап айтқанда, аудан аумағындағы барлық еңбекке жарамды мүгедектер сауалнамамен қамтылды, осы адамдар үшін  жұмыс орындарына квоталар бөлу туралы аудан әкімдігі қаулы қабылдады. 

Жобаны іске асыру басталғаннан бері аудан бойынша барлығы 54 тұлға жұмысқа орналастырылды, олардың 24-і екінші топтағы мүгедектер, 30-ы үшінші топтағы мүгедектер.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.