You are here
Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасы «Пробация үйі» бастамасын белсенді еңгізуде


«Ұлт жоспары - 100 нақты қадам», «Ресоциализация: сен қоғамға қажетсің» түрме реформасын жүзеге асыру жоспарының 8 тармағы шеңберінде Алматы облысы Алакөл ауданы прокуратурасының бастамасымен мемлекеттік ұйымдардың өкілдерінен (пробация бөлімі, жергілікті полиция қызметі, миграция, жұмыспен қамту, білім бөлімлері, денсаулық сақтау мекемесі, кәсіпкерлер палатасы) құрылған жұмыс тобымен «Пробация үйі» бағдарламасы аясында пробация бөлімінде, жергілікті полиция қызметінде тіркеуде тұрған, яғни бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген адамдармен 2 кездесу өткізілді.
6 - адамға медициналық, 4 - адамға психологиялық көмек көрсетіліп, 5 адам жұмысқа тұрғызылып, кәсіби оқуға - 7 адам жолданып, 3 адам құжаттандырылды, заң көмегі 31 - адамға көрсетілді.
Несие алу (бизнес мақсатында), зейнетақы, жәрдемақы рәсімдеу жолдары түсіндірілді.
Әр жүгінген азамат жекелей есепке алынды.
Биылғы жылда үйлесімділік шараларымен Рақымшылық Заңын пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған 71 адамға қатысты қолданылды, оның ішінде 29 - жазаны өтеуден босатылып, 42 - жаза мерзімдері қысқартылған (½, ¼).
Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.
Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасы
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу