You are here

Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасымен азаматтардың еңбек құқықтары қорғалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өзгерістер бағдарламасы аясында аудан прокуратурасы тарапынан Қабанбай ауылында азаматтарды кезекті көшпелі қабылдау жүргізу кезінде «Үйгентас» коммуналдық кәсіпорнымен жұмысшылардың еңбек ақыларын уақытылы төлемей еңбек заңнамасын бұзғандығы анықталды.

Айтар болсақ, «Үйгентас» коммуналдық кәсіпорнымен өзінің 22 жұмысшыларына тексеру кезінде 2017 жылдың мамыр, маусым айлары аралығында істеген жұмыстары үшін жалпы соммасы 1 840 000 теңге еңбек ақыларын қарыз болған.

Енгізілген прокурорлық ықпал ету актісі бойынша 12.07.2017 жылы облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясымен «Үйгентас» коммуналдық кәсіпорнының директоры Н.Оралтаев еңбек заңнамасын бұзғаны үшін ҚРӘҚБтК-нің 87 бабының 1 тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұған қоса, соңғының атына заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді.

Бүгінгі күні жұмысберушімен аталған кәсіпорынның 22 жұмысшысы алдындағы еңбек ақылары бойынша қарызы толығымен жабылды.

 

Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.