You are here

Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасымен мақсатымен пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару іс-шаралары жүргізілуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Аудан прокуратурасы тарапынан мақсатымен пайдаланылмай жатқан немесе заңды бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді мемлекет есебіне қайтару мақсатынғы Жол картасына сәйкес жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде барлығы 16 мың. гектардан астам мақсатымен пайдаланылмай  жатқан жер телімдері анықталды.

Қазіргі уақытта, қолданылған шаралардың нәтижесінде кадастрлық құңы 34,5 млн. теңге соммасындағы 64 жер телімдері  (27 түрғын үй, 36 өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге және 1 коммерциялық мақсатқа  арналған) жер қорына қайтарылды.

Бұдан басқа, жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, кейбір ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен жер телімдері бойынша тапсырылатын салық есептерінің салық мөлшерлерін төмендетіп жер салықтарын төлегендері анықтылды.

Қадағалау шаралары бойынша қазіргі уақытта салық төлеушілерден барлығы  7,5 млн. тенге көлеміндегі мемлекетке берешек салықтар өндірілді.

Сонымен қатар, қадағалау шаралары негізінде ауыртпалықтар қойылған жер телімдерінің игерілгені туралы жалған акті толтырып, кінәлі тұлғаларды жауапкершіліктен босатқандары үшін екі облыстық мемлекеттік жер инспекторлары тәртіптік жауапкершілікке, оның ішінде бір лауазымды тұлға мемлекеттің қызметке қарсы теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

 

 

Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.