You are here

Алматы облысы прокуратурасы Құқық қорғау қызметі орталығын ашты.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 Алматы облысы прокуратурасы Құқық қорғау қызметі орталығын ашты. - 2098069757

2017 жылғы 5 желтоқсан, Талдықорған қаласы. Алматы облысы прокуратурасы облыс әкімдігінің қолдауымен Құқық қорғау қызметі орталығын ашты.

Ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі А. Баталов, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық ұйымдар, прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.

Облыс прокуроры А.Жылқыбаев, бұл Орталық 100 нақты қадам Ұлттық жоспарында құқықтық қызметтерді бір орынға интеграциялау талабы аясында ашылып жатқанын атап өтті.

Орталық Талдықорған қаласының Абылай хан көшесі, 113 мекен-жайында қанат жайып отыр.

Орталықтың жалпы аумағы 200 ш.м.-ден аса және ол заманға сай инженерлік-техникалық қоңдырғылармен, электронды кезек жүйесімен, өзіне-өзі қызмет көрсету секторымен, күту залымен және т.б. қажетті инфрақұрылымдармен жабдықталған жайлы орын болып табылады.

Құқық қорғау қызметі орталығы азаматтарды қабылдаудың фронт-офисі ретінде болады және жұмысының басты қағидасы –прокуратураның арнаулы алаңында мамандардың азаматтарға кең ауқымдағы тегін құқықтық қызмет ұсынуы.

Аталған Орталықта азаматтардың құқықтық мәселелері бойынша сұрақтармен тәжірибелі прокурорлар айналысатын болады. Азаматтардың өтініштерін қарауды тиімді ұйымдастыру үшін адвокаттар, медиаторлар, нотариустар, пробация қызметі және басқалар шақырылған.

«Облыс прокуратурасына жыл сайын 11 000-нан аса арыз түседі. Біразы біздің құзіретке жатпағандықтан, біз оларды басқа органдарға жолдаймыз. Енді бұл мәселе шешілді. Барлық органдар жиналып, халықтың сұрақтарын шешетін боламыз. Егер сотта шешілетін сұрақ болса адвакаттар талап арыз жазуға көмек береді, дау дамайды сотсыз медиаторлар шешуге қол ұшын созады»,-деп облыс прокуроры А.Жылқыбаев атап өтті.

Орталықтың негізгі міндеті - шағымдарды жедел шешу, азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.