You are here

Алматы облысы Райымбек ауданының прокуратурасымен «Қауіпсіз аудан мен қауіпсіз жол» құрудың 5 бағыты айқындалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жалпы ауданда 2017 жылдың 8 айында, 2016 жылдың 8 айымен салыстырғанда, тіркелген қылмыстардың жалпы саны 30,7%-ға төмендегеніне қарамастан, аудандық прокуратурамен алдын алу іс-шаралары мен жұмыстарын өткізу жалғасуда.

Мысалы: 28.09.2017 жылы Алматы облысы Райымбек ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ш.С. Құтеловтың басшылығымен облыстық прокуратураның «Қауіпсіз қала» және «Менің жолым» атты жобаларын жүзеге асыру мақсатында, «Мәдениет үйінің» үлкен залында арнайы халықпен кездесу және флеш-моб акция түріндегі «Қауіпсіз қала» және «Менің жолым» атты іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шара барысында аудандық прокуратурмен, «Қауіпсіз қала» және «Менің жолым» атты жобаларын аудан деңгейінде жүзеге асырудың 5 бағыты айқындалып және сол бағытта аса ерекше қызмет атқару қажеттігі жайлы мекеме басшылары мен басқа да қатысушыларға ұсыныс енгізілді.

Атап айтқанда, кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы жасалған және олардың қатысуымен орын алуы мүмкін құқықбұзушылық фактілері мен қылмыстарды азайту және жою, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту,

ауданда жиі орын алатын құқықбұзушылықтар мен қылмыс түрлерімен  күресті күшейту, қоғамдық орындарда орын алатын құқықбұзушылықтар мен

қылмыстарды азайту, алкоголь өнімін сатуды заңдастыру және қолдануды азайту бағыттары.

Сонымен қатар, аталған жобалар аясында арнайы мемлекеттік органдардың әрекет ету картасы жасалып ұсынылды және картамен жұмыс жасауды жетілдіру қолға алынды.

Және де, іс-шара соңында арнайы аудан оқушыларының «Менің қауіпсіз үйге барар жолым», «Біз қауіпсіз аудан құрамыз» атты құқықбұзушылықты алдын алу туралы көрсетілімдері көрсетілді және арнайы аудандық прокуратурамен әзірленген брошюралар таратылды.

Іс-шараға аудан және ауыл әкімдері, барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың басшылары, мектеп директорлары, ақсақалдар кеңесі, аудан тұрғындары, республикалық «Qazaqstan» телеканалы мен облыстық және аудандық «Райымбек» және «Хан Тәңірі» газеттерінің тілшілері қатысты.

Оған қоса, республикалық «Qazaqstan» телеканалының тілшілерінің қатысуымен арнайы аудандық жол патрульдік полиция экипажымен бірге, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы алдын алу іс-шаралары өткізілді.

 

Алматы облысы Райымбек ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.