You are here

Ар-ұятқа шақыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ар-ұятқа шақыру  - 1098658713

23 мамыр 2017 жылы аудан прокуратурасымен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (әрі қарай - ҚР ӘҚБтК) 805 бабына сай, 1 әкімшілік құқық бұзушылық өндірісін қозғау туралы қаулы шығарылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық өндірісін қозғауға кәмелетке жасы толмаған баланың материалдық көмексіз қалуы, 5 айдан астам уақыт бойы атқарушылық құжатының орындалмауы себеп болды. Әкімшілік ісін қарау қорытындысына сай, борышкер А.Жамбырбай ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша 3 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындаумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Прокурорлық қадағалау тәжірбиесінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, мүліктік жағдайы ескеріле келе, қатысушы прокурормен сотпен кінәлі тұлғаға қатаң жазаны, яғни әкімшілік қамауға алу жазасын қолданылуын қамтамасыз ету қатаң ұстанымы жолға қойылған. Аталған жазаны қолдану, біріншіден: құқық бұзушылық жасаған адамды құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелесе, екіншіден: борышкердің асырауындағы балаларын, отбасын материалдық қиындықтан арашалайды.

«Алимент. Төлемеуге қарсы 30 қадам» атты Жобаны жүзеге асыру кезеңінен бері прокурормен 7 әкімшілік ісі қозғалып, 7 борышкер жауаптылыққа тартылды.

Алматы облысының Алакөл аудандық прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.