You are here

Көшпелі бірлескен азаматтарды қабылдау

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Көшпелі бірлескен азаматтарды қабылдау - 30811529

«Ашық есік күні» акциясы аясында Алакөл ауданның прокуроры Д.Тұрсыновтың бастамасымен аудандық №2 сотының төрағасы Б.Темірбековтың, әкімдіктің, полицияның басшыларымен 19.07.2017 жылы Алакөл ауданы Қабанбай ауылында көшпелі бірлескен азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Қабылдау барысында азаматтардың жер, көші-қон және әкімшілік құқықбұзушылық заңнамалары туралы сұрақтары қаралып, оларды шешуге ықпал ету шаралары қабылданды. 

Ауыл тұрғындары бұл акцияға құптарлық көзқарастарын білдірді. Прокурорлар мен мемлекеттік қызметкерлер олардың келелі мәселерін көріп, білді.

Осындай бірлескен көшпелі қабылдау халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге мүмкіндік жасайды, шеткері ауылдар тұрғындарының жиі кездесетін проблемалық сұрақтарын жедел («орнында талқылау (шешу)» ұстанымымен) шешуге жағдай туғызады, сонымен қатар,  тұрғындармен кері байланысты жақсартуға жәрдемдеседі.

Акцияның басты мақсаты - азаматтардың сенімін арттырып, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру болып табылады.

 

Алакөл ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.