You are here

«Кәсіпкерлердің құқығын қорғау»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Кәсіпкерлердің құқығын қорғау»  - 502830561

17.08.2017 жылы Панфилов ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен Көктал ауылдық округінің мәдениет үйінде Панфилов ауданы кәсіпкерлер палатасы, аудандық қадағалаушы органдар басшылары және кәсіпкерлердің қатысуымен «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде аудан прокурорының орынбасары Е.Т. Омбаев сөз алып, қазіргі кезде Елбасының шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мен дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесін бірінші кезекке қойып отырғанын айтты.

Аудан прокурорының орынбасары өткізіліп отырған шараның тиімділігін арттыру мақсатында, аудан прокуратурасының жедел қызметкерлері мен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан тұратын шұғыл топ құрылып жұмыс істеп жатқандығын, аудан прокуратурасының сенім телефонына ауданның әрбір кәсіпкері бақылаушы және қадағалаушы органдар тарапынан жүргізіліп жатқан заңсыз немесе негізсіз тексеулері жөнінде хабарласа алатындығын ескертті.

Сонымен қатар, прокуратура органдарымен өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнамасына шолу жасап, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын түсіндіріп өтті.

Осыған қатысты, аудан прокуратурасының қызметкерлері баяндама жасап, арыздарды қарау тәртібіне және қаралу уақытысына егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысушылар жалпы бірінші тақырып бойынша тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі мәселелерін талқылса екінші тақырып бойынша құзырлы органдардың арыздарды қарау ерекшеліктері туралы айтылды.

Бұдан бөлек, прокуратура қызметкерлері аудан көлемінде «Мүгедектерге жұмыс» атты әлеуметтік жоба бойынша атқарылған жұмыс нәтижелеріне тоқталып өтті.

Атап айтқанда, квота бойынша 48 мекемеде 124 орын бар екені және бүгінгі күні, жұмысқа 58 мүгедек орналасса, оның ішінде 52 жоба бойынша жұмысқа тұрды. 20 мүмкіндіктері шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру қыркүйек айының соңына дейін жоспарланғанның баяндады.

Іс-шараға қатысушы кәсіпкерлер сөз сөйлеп, пікір-таластар болып, олардың қойған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

 

 

Алматы облысы Панфилов ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.