You are here

Мемлекет пайдасына өндіру туралы сот актілерін орындаудың заңдылығын қадағалау

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыстық прокуратурамен мемлекет пайдасына өндіру туралы сот актілерін орындаудың заңдылығын қадағалау мақсатында жүргізілген мониторинг барысында сот орындаушыларымен атқару өндірісін заңсыз қысқарту жайы анықталды.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен Ақтау қаласы №20 орта мектебінің пайдасына ғимаратқа жөндеу жүргізу туралы келісімнің талаптарын орындамағандықтан борышкер «Еврострой N.K.» ЖШС-нен 65.399.615 теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіру туралы шешім шығарылған.

Атқару парағы 12.04.2017 жылы борышкердің тіркелген мекен-жайына байланысты Қарасай аумақтық сот орындаушылары бөліміне келіп түскен.

Алайда, анықталмаған тұлғалар орта мектептің мүддесін білдіретін жалған сенімхат жасап, атқару құжатын қайтарып алған, ал содан кейін оны  жеке сот орындаушысы Д.Сағындыққа орындауға ұсынған.

Ал соңғы өз кезегінде, мөлшері 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша қаражатын мемлекет пайдасына өндіру туралы құжатты қабылдауға құзіреті болмаса да, оны өз өндірісіне қабылдап, жалған сенімхатпен келген өндіріп алушының өкілінің арызы негізінде қысқартып тастаған.

Өндіріп алушының өкілі Е.Алипбеков өзінің түсінігінде сот орындаушыларына бармағандығы және ешқандай арыз жазбағандығын мәлімдеген.

Тексеру нәтижесі бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою, мемлекеттік сот орындаушысы Л.Қалқанованы (мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылығы үшін) және жеке сот орындаушысы Д.Сағындықты (жеке сот орындаушысы лицензиясынан айыруға дейін) қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы Алматы облысы әділет Департаменті басшысына ұсыныс енгізілді.

Атқару парағы орындау үшін жеке сот орындаушысынан мемлекеттік сот орындаушысына берілді.

Сот орындаушылардың жалған ресми құжаттарды және өкілеттіктерін теріс пайдалану деректері сотқа дейінгі тергеп-тексерудің Бірыңғай тізіміне енгізілді. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша Департаментімен тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.