You are here

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Алакөл ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» ММ-нің (бұдан әрі - бөлім) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне бюджеттік қаржыдан субсидия берудегі тиімді шығындау жұмыстары бойынша 2016 жылғы жұмысын тексеру барысында Алматы облысының Алакөл ауданы прокуратурасы тарапынан төмендегі заң бұзушылығы анықтады.

Бөлім басшысы К.А.Жубаев тарапынан үш шаруашаруашығына қажетті сомасындағы қаржыдан 864 000 теңге артық сомада негізсіз субсидия бергізгені, сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерден қолданыстағы заңда көрсетілмеген артық құжаттар талап етілгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде жоғарыда көрсетілген ақшалай қаржы мемлекет бюджетіне құйылды және К.А.Жубаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 50 бабының 1 тармағы 4, 8 тармақшаларын бұзғаны үшін, Алматы облысының Этика бойынша Кеңесінің 24.05.2017 жылғы шешіміне сәйкес «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі, Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап етуі).

 

Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.