You are here

Салық мөлшерлемелеріның төмендеуі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Салық мөлшерлемелеріның төмендеуі туралы  - 2134832663

Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасымен жеке кәсіпкерлік саласында салынатын салық төлемдері бойынша талдау жүргізу кезінде жергілікті өкілдік органның шешімімен бекітілетін кейбір салық түрлерінің базалық мөлшерлемері 2009 жылдан бастап өзгертілмегендігі анықталды.

Атап айтқанда, аталған нормативтік құқықтық актіге сәйкес бильярд клубы қызметін көрсететін салық төлеуші әрбір тоқсан сайын әр салық салу объектісі (бильярд үстелі) үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни ағамдағы жылы 22690 тенге соммасында салық төлеу керек болған.

Осы салық мөлшеріне байланысты түсетін пайда болмағандықтан, аудан кәсіпкерлері аталған қызмет түрінен бас тартуға мәжбүр болған.

Біздің осы мәселеге байланысты жазған хатымызды қарау нәтижесі бойынша, Алакөл ауданының мәслихатымен ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 422 бабы 2 тармағына сәйкес, 27 наурыз 2017 жылы «Алакөл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» №15-1 санды жаңа шешімі бекітіліп, аталған құқықтық актіге сәйкес, бильярд үстелі үшін салық мөлшерлемесі 3 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 6807 тенге соммасына төмендетілді.

Қазіргі уақытта, аудан кәсіпкерлерімен бильярд клубтарын ашу үрдісі жаңдандырылып, осы қызмет түрі халыққа қайта көрсетіле басталды.

Алматы облысының Алакөл аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.