You are here

Соттың үкімі заңды күшіне енді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

   Бұрын сотты болған аз.А. түзету мекемесінен рақымшылық заңына сай босатылғаннан кейін Алакөл аудандық пробация бөлімінің есебіне тіркеуге тұрмастан, төмендегі мән-жағдайда қасақана ауыр қылмыс жасады:

     03.03.2017 жылы сағат 23.30 шамасында Алакөл ауданы Көктұма ауылында аз.А. және аз.Б. спирттiк iшiмдiк iшу барысында өзара сөзге келіспеушілік туындап, соның нәтижесінде аз.А. аз.Б. денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында ашаның ағаш сабын қолына алып, аз.Б. дене мүшесінің әр түрлі жерлеріне бірнеше рет соққы жасаған.    

      Аз.Б. алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

   Сол күні аталған дерек бойынша Алакөл АІІБ-мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, тергеу нәтижесімен А.есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-тің 106 бабының 3 бөлімімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеп соққан) процестік келісім бойынша сотқа жолданған. Қылмыстық іс бойынша процестік прокурор тағайындалған.  

  Алакөл аудандық сотының үкімімен жоғарыда көрсетілген баппен А. есімді азамат кінәлі деп танылып, оны 7 жыл бас бостандығынан айырып, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталды.

    Соттың үкімі заңды күшіне енді. 

Алматы облысының Алакөл аудандық прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.