You are here

Табиғат қорғау прокуратурасы жасөспірімдерді мәдениет орындарына баруын ұйымдастырды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қоғамның санасын жаңғырту мақсатында, «Рухани жаңғырту» бағдарламасына сәйкес, сонымен қатар Тұнғыш Президентіміздің күні және прокуратура органдарының кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасымен жасөспірімдердің қатысуымен мәдениет орындарын біліп, танысу мақсатында Қарасай ауданының тарихи-мәдени, «Батыр Бабаларға тағзым» және «Анаға Құрмет» мұражайларын аралатып шықтық.

Осы күннің басты мақсаты – артымыздан өсіп келе жатқан ұрпақтың өз еліне, отанына, жеріне деген сүйіспеншілікті оятып, оларда отаншылдық сезімдерін жетілдіру және де отбасына, анаға, әкеге деген құрметті, өзімізді қоршаған ортаға ұқыпты қарай отырып, құндылықтарды ұғыну болып отыр.

Бұл жерлерде балалар бабаларымыздың салттарымен, батырларымыздың өмірбаяндарымен және туған жеріміздің дәстүрлерімен танысып, қосымша мағлұматтар алды.

Сонымен қатар, балалар Марал және Форель қорық шаруашылықтарында саяхат жасап, табиғатты аялауға түсіндіру жұмыстары жасалды.

Және де, олар  «Іле-Алатауының сиқырлы әлемі» орталығын көріп, ол  жерде  Ұлттық табиғи паркінің тарихымен, сол жерде орналасқан аң, өсімдік түрлерімен танысуға мүмкіндік алды.

Осындай атақрылған іс-шаралар жасөспірімдердің рухани жаңғыртуға өзінің бір нәтижесін беретінін біз сенімдеміз.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.