You are here

«Ұрлыққа тосқауыл» жобасы және «2016-2017 жылдары мал ұрлығына қарсы іс-шаралар бойынша Жол картасы» аясындағы жұмыс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Ұрлыққа тосқауыл» жобасы және «2016-2017 жылдары мал ұрлығына қарсы іс-шаралар бойынша Жол картасы» аясындағы жұмыс  - 2125739559

Алматы облысының Райымбек аудандық прокуратурасымен, «Ұрлыққа тосқауыл» жобасы аясында қарқынды жұмыстар атқарылуда.

29.09.2017 жылы, «Ұрлыққа тосқауыл» бағдарламасы аясында кеңейтілген жиналыс өткізіліп, «2016-2017 жылдары мал ұрлығына қарсы іс-шаралар бойынша Жол картасы» (ары қарай – Жол картасы) бойынша атқарылған, арнайы комиссия жұмыстарының нәтижесі тыңдалды.

Іс-шара, аудан прокуроры Ш.С.Құтеловтың төрағалығымен өтіп, аудан әкімшілігі басшылығының, комиссия мүшелерінің, барлық ауылдық округтер әкімдерінің, жергілікті полиция қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен өтті.

Аталған іс-шара аясында, Жол картасының барлық 5 бағыты талқыланып, арнайы комиссияның, ағымдағы жылдың басынан атқарылған жұмысына талдау жасалды.   

Атап айтқанда, аудан прокурорының тапсырмасымен, барлық ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, ақпараттық билбордтар орнатылды. Ауылдарда, ауылшаруашылық жануарлары иелерінің арасында мал бағу кезегі енгізілу нәтижесінде, көшеде қаңғырып жүрген мал саны азайды.

Оған қоса, мал кезегін, ақшаға жалданып бағып беретін адамдар, өз қызметтерін ұсынып, күн көріске ақша табу жолы көбейді.

Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 8 айында, былтырғы жылдың 8 айымен салыстырғанда, ұрлық саны 39,7% (146-дан 88-ге), ал мал ұрлығы 67,6% (71-ден 23-ке) азайған.  

Іс-шараның нәтижесімен, аудан прокурорымен, арнайы комиссия мүшелеріне, аталған жобалар бойынша жұмысты күшейту мақсатында, нақты тапсырмалар берілді.       

 

 

Алматы облысы Райымбек ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.