You are here

Ведомствоаралық жиналыс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ведомствоаралық жиналыс - 1977572574

Өкінішке орай ағымдағы жылы аса ауыр қылмыстарының 43,9% (107-д-ен 154-ке) өсуіне куә болып отырмыз. Талдаумен анықталғаны, аса ауыр қылмыстарының өсіне себеп  - адам өлтіру және кәмелетке толмаған адамға жыныстық тиіспеушілікке қатысты қылмыстарының орын алуының көбеюі.

Аталған қылмыстар жеке адамға қатысты бағытталғандықтан, қоғамға аса қауіп төндіреді.

Ағымдағы жылы адам өлтіру қылмысы 26,8% (56-дан 71-ге) өскен, оның ішінде ішімдік ішкен мас күйінде жасалуы 37,5% (25-тен 40-қа), 40% (9-дан 15-ке) қоғамдық жерлерде, 33,3% (6-дан 9-ға) топтармен, 9,5% (53-тен  63-ке) жұмыссыздармен.

Бұл қылмыс санаттарының жасалуының бірден-бір себебі халықтың жұмысқа қамтылуының төмендігі, тұрмыстық жағдайы және ішімдіктің әсері.

Айыптаушылардың адам өлтіру қылмысының уәждері мен бағыттары әртүрлі мақсатта болып келеді, көп жағдайда бұл қылмыстар кек алу, қызғанушылық, бұзақылық немесе пайдакүнемдік мақсатта, ұрыс-керіс немесе төбелестерде т.б. 

Сонымен қатар, статистикаға сүйенсек ағымдағы жылдың 9 айында облыс көлемінде кәмелетке толмаған адамға жыныстық тиіспеушілікке қатысты қылмыс 10,7% төмендеген, яғни 84-тен 75-ке азайған.

Бұл сандық көрсеткіштер көңілден шықпайды, себебі бұл саннатығы қылмыстардың орын алуы жалпы төмендегенімен, оның аса ауыр санаттағы қылмысы 37% ( 24-тен 38-ге) өскен.

Профилактикалық жұмыстар нақтылануы қажет. Жергілікті полиция қызметкерлері қауіп-қатер тудыратын топтарды, отбасыларды, алкогольды ішімдікке, ойын-сауыққа құмарларды, қылмысқа жақын тұлғаларды жиі тексеріп, тиісті тізбекке алу қажет. Отбасылық, тұмыс тіршілігі төмен отбасыларға аса назар аудару қажет, өйткені көп жағдайларда олардың балалары қылмыс құрбанына шалдығуда.

Облыс басшыларымен бірлесе өткізілген ведомствоаралық жиналыстың маңызы зор, өйткені біз жариялылық түрде көп мәселелерді шешуге және оң шешімге жету үшін жүйелілік жұмыстарды ұйымдастыра аламыз.           

 

        

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.