You are here

Заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартқан үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қапшағай қалалық өсімдік инспекциясының инспекторы И.Нұрбеков  2016 жылы «Малдыбаев» ЖШҚ-ның және «Наурыз» ЖШС-нің басшыларын  заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартқанын Алматы облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен анықталды.

Прокурорлық шаралардың негізінде лауазымды тұлғаның жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты қабылданған әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы  қаулылары сот арқылы бұзылды.

Бұзылуға негіз болған, лауазымды тұлға әкімшілік істерді қарау барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің ведомстволығын бұзған және «Малдыбаев» ЖШҚ-ның, «Наурыз» ЖШС-нің  басшыларының іс әрекетінде құқықбұзушылық құрамы болмаған.

Осы жиналған құжаттарды табиғат қорғау прокуратурасының АТК-да Қазақстан Республикасның Қылмыстық кодексінің 362 бабы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) фактісі бойынша тіркеліп, процессуальдық шешім қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға жолданды.

Сотқа дейінгі тергеп-тергеудің нәтижесі бойынша қылмыстық іс сотқа қарау үшін жолданды.

Қапшағай қалалық сотының 2017 жылдың 20 маусымдағы үкімімен лауазымды тұлға Нұрбеков И. Қылмыстық кодекстің 362 бабымен кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енді.

 

 

 

  

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.