You are here

Заңсыз салынған құрылыстарға меншік құқын белгілеу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысының прокуратурасы былтырғы жылы жергілікті атқаршы органдар тарапынан адамдардың өз бетімен (заңсыз) салып алған құрылыстарын жариялауға жасалған өтініштерді орындаудан бас тартуына келіспеушілік таныту және өз бетімен салынған құрылыстарға меншік құқын белгілеу туралы азаматтық істер бойынша сот тәжірибесіне талдау жасады.

Жыл барысында бірінші сатыдағы соттармен шешім шығарыла отырып, өз бетінше салынған құрылыстарға меншік құқын белгілеу жөнінде 65 іс қаралды. Олардың 61 қанағаттандырылса, төртеуін қанағаттандырудан бас тартылған. Бір іс апелляциялық тәртіпте қайта қаралған. Қараусыз қалдырылған және өндіріспен қысқартылған істер жоқ.

Соттармен шешім шығарыла отырып, өз бетінше салынған құрылыстарды жариялаудан бас тартқан жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне шағымданған 4 іс қаралып, олардың біреуі ғана қанағаттандырылған. Бір аплелляциялық наразылық келтіріліп, апелляциялық тәртіпте қанағаттандырылған.

Бір ғажабы, 2015 жылы тұрғындар мұндай талап-арыздармен соттарды мазаламаған. Алайда талдау барысы көрсетіп отырғандай, заңнамаға енгізілген өзгерістерге сай биыл аталған санаттағы талап-арыздар қатары артуы әбден мүмкін.

Мәселен, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен нысандарды пайдалануға қабылдау жүйесі қайта жасалды. Осы заңмен нысанды пайдалануға қабылдаудың декларативтік тәсілі енгізілді. Нақтырақ айтқанда, нысандарды мемлекеттік органдардың қатысуынсыз, авторлық және техникалық бақылауды, мердігерді қатыстыра отырып, құрылысқа тапсырыс берушінің өзі қабылдайды. Аталған  тетік 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыста.  

Мұндай тәртіп сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы, сондай-ақ ерекше реттелетін аймақтардағы, ерекше геологиялық немесе геотехникалық жағдайлардағы жерлердегі нысандарға қатысты қолданылады. Алматы облысы аумағының сейсмикалық қауіптілігі  жоғары екені белгілі.

Ал еліміздің басқа аймақтарында құрылыс салушыға жобаның сызбасын жасап, мердігер тарта отырып, құрылысты жүргізу және аяқталған нысанды өз бетінше пайдалануға қабылдауға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда авторлық және техникалық бақылау мамандарының қатысуы, жобаның сызбасын сараптамадан өткізу талап етілмейді. 

Осы заңның 68-бабына сәйкес, құрылыс салушы жұмыстарын бастамас бұрын уәкілетті органнан архитектуралық-жоспарлаушылық тапсырма алуға, сараптаманың мақұлдаған қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттама жасауға, сәулет-құрылыс бақылау органдарын құрылыстың басталғанынан хабардар етуге, мердігерлік ұйыммен, авторлық және техникалық қадағалаумен келісімшартқа отыруға тиісті.

Заңға өзгеріс енгізілгенге дейін құрылыс салушыға уәкілетті органға әкімшілік айыппұл төлеп, нысанды заңдастырып ала алатын. Тіпті рұқсат  құжаттары жоқтардың өзі мәселені осылай шешуді жиі қолданатын.

Ендігі жерде заңнама құрылыс салушыны нысан бойынша жұмыстар жүргізу мен мердігерден қабылдауды авторлық және техникалық қадағалау мамандарымен бірлесе отырып жүзеге асыруға міндеттеу арқылы, құрылыс тәртібін барынша оңтайландырды.

Тағы бір назар аударатын жағдай, жер телімінің иесі лицензиясы бар кез келген құрылыс ұйымымен, сейсмикалық қауіпсіздік және құрылыс сапасын бақылау, жобалау саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар мамандарымен келісімшартқа отыра алады.

Дегенмен құрылыс жүргізуді барынша жеңілдету тек сот тәртібімен ғана шешуге мүмкін болатын проблеманың пайда болуына жол ашты. Ендігі жерде белгіленген құрылыс ережелері сақталмай, салынған нысанарды әкімшілік тәртіппен заңдастыру мүмкін емес. Уәкілетті органдар сотқа жүгіну қажеттігі жөнінде жазбаша түсінікеме бере отырып, ондай нысандарға меншік құқын тіркеуден бас тартады. Осының кесірінен облыс аумағында бей-берекет құрылыс әлі күнге жалғасуда. 

Статистикалық деректерге сәйкес, 2015 жылы жергілікті атқарушы органдар жеке қосалқы шаруашылық жүргізу және жеке тұрғын үй салуға жалпы аумағы 265 гектар болатын 2651 жер телімін берсе, былтыр жалпы аумағы – 162 гектарды құрайтын 1622 жер телімін таратыпты. Осылайша, екі жылда жалпы аумағы 427 гектар болатын 4273 жер телімі берілген. 

Өткен жылы жергілікті атқарушы органдарға өз беттерімен салып алған құрылысты заңдастыру үшін 13626 азамат өтінішпен шыққан және олардың басым бөлігі Іле мен Еңбекшіқазақ аудандарында тұратындар. Өтініштердің 12512-сі қанағаттандырылып, құжаттары түгел болмауына байланысты 779 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылған.

2015 – 2016 жылдары 4053 әкімшілік материал бойынша 2406 адам белгіленген тәртіпке сай салынбаған нысандар мен кешендерді пайдаланғандары үшін ҚР ӘҚБтК 323-бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Пайдалануға қабылданған 4576 нысанның 1510 бойынша ғана нысандардың меншік иелері құрылыс-құрастыру жұмыстарының басталғаны туралы уәкілетті мемлекеттік органды құлақтандырған. Бұларға қоса, тағы 2 мың нысанның құрылысы жүргізілуде.

Мәселен, О. Фазиров балабақша ғимаратына жалғастырып тұрғызылған қосалқы құрылысты жариялау үшін Талғардағы жариялау комиссиясына өтінішпен шыққан. Істегі материалдарға қарағанда О. Фазиров балабақша ғимаратын 2013 жылы мемлекеттен алған және мектепке дейінгі жастағы балалардың қосымша тобын орналастыру үшін қосалқы құрылысты өз бетімен тұрғызған. 2015 жылдың 29 қазанында мүлікті жариялау жөніндегі комиссия сыртқы құрылыс жұмыстары аяқталмағанына және қызыл сызық сақталмағанына байланысты аталған құрылысты жариялаудан бас тартты. Фаризовтың шағымы бойынша істі қараған Талғар аудандық соты өзінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі шешіммен комиссияның жоғарыдағы әрекеті заңсыз деп танылады. Алайда прокурордың наразылығына сай облыстық соттың 2016 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысымен заңсыз сот актісінің күші жойылып, құрылыс аяқталмағынына байланысты аталған жағдайда  жариялау жөнінегі заң нормалары қоланылмайтынына сәйкес талап-арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған.

Осы орайда былтыр соттармен өз бетінше салынған құрылыстарға меншік құқығын тану туралы талап-арыздардың 93,8 пайызы қанағаттандырылғанын айта кеткен жөн. Сот тәжірибесі негізінен меншік иесі жер телімін арнаулы мақсаты бойынша пайдалануға құқылы, соған сәйкес құрылысты жүргізе алады дегенге сүйенеді.

Прокурорлар азаматтық істерді зерделеу барысында мұндай талап-арыздар бойынша айғақтар ретінде құқық беруші құжат, құрылыстың техникалық паспорты, нысанның сейсмикалық тұрақтылығы мен қанағаттанарлық техникалық жағдайы жөнінде берілген мамандар қорытындысы келтірелетінін көрсетті.

Қалыптасып отырған жағдайда соттар нысанды қабылдау актісіне қол қоймайтын меншік иесінен құрылыс сапасына қатысты жауапкершілікті алып тастай отырып, өзіне сәулет саласындағы уәкілетті органның міндеттерін алуға мәжбүр болады. Мұндай кезде сот тәртібімен өз бетінше салынған құрылысқа меншік құқын танудың мүлікке құқықты қорғаудың бірден бір тәсілі болып қалуы және құрылыс саласындағы заңнама талаптарын айналып өту мақсатында пайдаланылмауына қатысты орынды күмән туындайды. 

Сотқа талап-арыз берген кезде төленетін мемлекеттік алымның мөлшерін анықтау мақсатында нысанға бағалау жүргізілетіндігіне байланысты меншік иесі сот органдарына шағымдану барысында қосымша материалдық шығындарға ұшырайтынын да ескерген жөн.  

Азамат Г.Ахметов Талғар аудандық сотына үй құрылысына меншік құқын тану туралы талап-арыз береді. Салынған құрылысты бағалау кезінде оның нарықтағы құны 25 829 000 теңгені құрайды, соған сай 258 290 теңге мемлекеттік алым төлеуге тура келеді. Талапкер ғимараттың техникалық жағдайына сараптамалық бағалау қызметіне қосымша шығынданып, 53 025 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлейді. Осылайша өз бетімен құрылыс алушы нысанды заңдастыру үшін барлығын алғанда 371 315 теңге жұмсаған. Басқа жағдайларда бұған өкілдің ақылы қызметіне жұмсалатын қаржы да қосылуы мүмкін.

Жоғарыда келтірілген деректерден көріп отырғандарыңыздай, заңнамаға енгізілген жаңалықтар құрылыс салушының шығындарын арттырып қана қоймай, құрылыс саласын тәртіпке келтіруге де ықпал ете алмады. Бұған бірінші кезекте заңның кез келген құрылысқа міндетті түрде мердігер ұйым тартудың қажеттілігі жөніндегі талабы мен сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама жасауды міндеттеуі себеп болып отырғаны анық. Аталған талаптардың сақталуы көп уақыт пен материалдық шығынға әкеліп соқтырады. Соның кесірінен азаматтар өздерінің мүдделерін қорғау үшін заңды бұзуға мәжбүр. Бұл жағдай өз кезегінде соттық дау-дамайлардың туындауына әкеліп, соттарды қажетсіз жұмыспен айналысу арқылы бюджеттің қосымша шығындарына жол ашады.

Екіншіден, тұрғындардың заңнамадағы өзгертулер жайында жеткілікті түрде білмеуі, атқарушы және уәкілетті органдар тарапынан тиісті құқықтық түсіндіру жұмыстарының болмауы да қарастырылып отырған мәселеде заңдылықтың сақталуына кері әсер етеді.  

Осыған байланысты жоғарыда келтірілген кедергілерді болдырмау үшін аталған саладағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу қажет. Нақтырақ айтқанда, Заңның 74-бабының 1-тармағында келтірілген техникалық тұрғыда күрделі емес жеке тұрғын үйлер мен тағы басқа да нысандардың құрылысын сараптамадан өтуді талап етпейтін сызбалық жоба негізінде ғана жүргізу керек. Ол үшін заңның 74-бабындағы 3-тармағының 2-тармақшасынан «1-тармақша» деген сөзді алып тастау қажет.  

Заңның техникалық тұрғыда күрделі емес нысандар құрылысына міндетті түрде лицензиясы бар мердігерлік ұйымдарды тартудың қажеттілігі туралы талабы да дұрыс деп айту қиын. Сондықтан заңнан аталған талапты алып тастап, техникалық тұрғыда күрделі емес нысандар бойынша азаматтарға құрылысты өз күштерімен жүргізуге мүмкіндік берген жөн. Онымен бірге БАҚ-ты тарта отырып, түсіндіру жұмыстарының ауқымын кеңейту қажет. Әкімдіктердің жер телімін беру туралы актілерінде құрылыс жүргізудің тәртіптері мен заңды сақтамаудың неге соқтыратынын егжей-тегжейлі жазса тіптен дұрыс болар еді. Барлық деңгейдегі әкімдіктердің сайттарында да осындай ақпараттар орналастыру керек. 

Талдау барысы көрсеткендей сәулет-құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгертулер жеке тұрғын үйлерді қосаалғанда, техникалық тұрғыда күрделі емес нысандар құрылысына байланысты тұрғындар үшін бірқатар проблемалар туындатты. Бірінші кезекте өз бетінше салынған құрылыс нысандарын әкімшілік тәртіпте жариялау мүмкіншілігін жоққа шығарды. Ал құрылыс нормаларының сақталмауына заңның уақытты және материалдық шығынды қажет ететін нормалары себеп болды. Заңда көрсетілген талаптарды сақтамау жаңадан салынған нысандарды тұрғын үй қорына алуға да кедергі келтіреді. Соның кесірінен азаматтар өздерінің жылжымайтын мүлікке құқын жариялау үшін соттарға шағымдануға мәжбүр болуда. 

Алматы облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.