You are here

Жыныстық қылмыстар туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алакөл аудандық прокуратурасымен жасөспірімдердің жыныстық  тиіспеушілігіне қарсы бағытталған қылмыстардың орын алу себептері мен жағдайлары талданды.

Статистикалық мәліметтерге сай, соңғы үш жылда Алакөл ауданының аумағында аталған саннатағы 3 қылмыстық іс тіркелген, оның ішінде ҚК-тің 122 бабы 1 бөлігімен (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) және 121 бабы 4 бөлігімен (көрінеу кәмелетке толмаған адамға, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері). Қазіргі таңда кінәлілер заңмен көзделген жауапкершілікке тартылып, соның ішінде біреуі 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Зорлықшының портреті: тұрақты жұмыс орны жоқ, орта білімді, жасы 18-25 аралығындағы, бұрын әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, нарко, психиатр есебінде тұрмайтын, қылмыс жасаған кезде сау күйінде болған ер азамат, жәбірленушіге қатыстылығы бойынша - танысы болып табылады.

Талдау қорытындысына сай, зорлыққа құрбан болған жасөспірім,  ішімдікке салынған ата-ананың тәрбиесінде өскен, қандай да бір тіркеуде тұрмағандықтан жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарымен профилактикалық іс шаралар жүргізілмеген.

Көпшілік жағдайда  жасөспірімдер ата аналары мен заңды өкілдерінің тарапынан тиісті қадағалау болмағандықтан зорлық зомбылыққа дұшар болған.

Бүгінгі күнде, Алакөл ауданы прокуратурасымен тиісті мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, аталған санаттағы қылмыстардың алдын алу шаралары жүргізілуде. 

Алматы облысының Алакөл аудандық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.