You are here

Мал ұрлығын азайтудағы жұмыс оң нәтиже беріп отыр

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұйғыр ауданының прокуратурасымен 2017 жылдың өткен мерзімінде аудан әкімдігінің, ІІБ-нің, жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Ұрлыққа тосқауыл» жобасының аясында атқарылған жұмыстарға талдау жасалынды.

         Ауданымыз ауыл шаруашылығының қай түрін болса да дамытуға ыңғайлы. Түгін тартсаң майы шығады дейтіндей құнарлы топырағы, қолайлы ауа райы берекелі жер. Өңірдің экономикасын өркендетуде мал шаруашылығының да қосар үлесі мол. Алайда, маңдай терін төгіп, жатпай-тұрмай тірнектеп жинаған, өсірген малының қорадан да, өрістен де ұрылардың қанжығасында кеткеніне күйініп, сол үшін құқық қорғау органдарының жұмысына өкпесі қара қазандай болып қапаланып жүрген ел де аз емес. Сонымен қатар, ұрылар жылқыны үйірімен, ұсақ малды табынымен айдап кетуден қаймықпайды.

         Аудан прокуратурсымен аталған жобаның аясында аудан тұрғындарының назарына өздеріне тиесілі малдарын қараусыз қалдырып, иесіз жібермеуін және тиісті құжаттарсыз тасымалдамауын ескерткен болатынбыз.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының «Ұрлыққа жол жоқ» жобасы бойынша, Алматы облысында мал ұрлығының алдын-алу аймақтық бағдарламасының жоспарының аясында ауданымызда мал ұрлығы азайып отыр.

Атап айтқанда, 2017 жылдың 9 айында қылмыстық қудалау органдарында 157 бөтен мүлікті ұрлау құқық бұзушылықтары тіркелген болса, оның ішінде мал ұрлығы 42 (2016 жылдың 9 айында бөтен мүлікті ұрлау құқық бұзушылықтары 206, оның ішінде мал ұрлығы 61) болып табылады, ол биылғы жылдың өткен мерзімімен салыстырғанда 31,3 % төмендеп отыр.

Оғап себеп, жобаның аясында аудан тұрғындарының арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары кеңінен ұйымдастырылып, мал базары және мал сою орындарын иелеріне заң талаптары түсіндірілген.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген ұлы ұғымды айта отырып, бірлескен іс-шаралар арқылы ғана қылмыспен күресуде оң жетістіктерге жетуге болатыны осыған дәлел болып отыр.

 

Ерлан Олжабеков

Ұйғыр ауданы

прокуратурасының прокуроры

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.