Алматы облысы прокуратурасында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесі отырысы өтті.
Күн тәртібінде өңір үшін өзекті екі мәселе қаралды, бірі - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша болса, екіншісі - есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы істер бойынша сот-тергеу тәжірибесі мен прокурорлық қадағалау жағдайы.
Іс-шараға Үйлестіру кеңесінің мүшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.