You are here

4 айында ұрлық қылмысы бойынша атқарылған профилактикалық жұмыстарының жағдайы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
4 айында ұрлық қылмысы бойынша  атқарылған профилактикалық жұмыстарының жағдайы - 1493264148

31.05.2017ж. Алматы облыстық прокуратурасымен «қауіпсіздік қоғамға 10 қадам» проектісі бойынша ағымдағы жылдың 4 айында қылмысты қудалау, жергілікті атқару органдарының бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының профилактикалық жұмыстарының шаралары бойынша талдау жасалынып, облыстық Үйлестіру Кеңесінде қаралды.

Бөтеннің мүлкін ұрлау әлемге кең таралған қылмыстар қатарына жататындықтан, аталған қылмыспен күресу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

 Қылмыстық іс-әрекеттерімен мемлекетке, жеке және заңды тұлғаларға елеулі зиян келтіруде

Сол себепті, жеке мүліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады.

Облыс бойынша тіркелген қылмыс санатының тең жартысы ұрлық болып табылады, яғни пайыздық өлшеммен 55,7% немесе 5 444 қылмыс (4 ай ағымдағы жыл), қылмыстың ашылу көрсеткіші 32,6% аспайды.

Талдау жасап отырған мерзімде ұрлық қылмысы 2,6% өскен (5305-тен 5444 дейін), оның ішінде Жамбыл (96,6%), Көксу (30%), Ақсу (28,8%), Іле (16,5%), Талғар (10,5%) және Қарасай ауданында (5,3%) өсіп отыр.

Ұрлық көп жағдайда қоғамдық көліктерде орын алуда, пайыздық өлшеммен алғанда 75% (яғни 38 ден 133-ке өсіп отыр).                                                Қалта ұрылары автобус көліктерінде, азаматтардың жұмысқа, оқу орындарына бара жатқан кезде немесе қайтқан жағдайларда ұрлық жасауда.

Қазіргі кезде, ұрлықтың зардабынан көп жағдайда кәмелетке толмағандар шегуде.

Сонымен қатар, жәбірленушілер бұл қылмыстардың орын алуына жанама түрде себепкер болуда, өйткені өздерінің жеке мүліктеріне салғырттық танытып, тиісті көңіл бөлмеуде.

 Одан басқа, қоғамдық көліктерде ұрлық орын алған қылмыстарға профилактикалық жұмыс формальді түрде жүргізілуде, көп жағдайда жәбірленушілер «қалта ұрылармен» татуласып кешірім беруде (себебі келтірілген залал мөлшері аса көп емес), бұл жәйіт одан әрі қылмыстың қайта жасалуына қиындық туғызбайды, ал қылмысты қудалау органдарымен бұл бағытта нақты жұмыс жасалынбайды.

Талдау нәтижесінде анықталғаны, мал ұрлығының орын алуы көп жағдайда мал иелерінің салғырттығынан болуда. Малдар жайылымдарда қараусыз жайылуда, ал оларға тиісті көңіл бөліп бағу (қарау) ұрлыққа төтеп берудің бірден-бір себебі екендігін ұмытпауымыз қажет.

Сонымен қатар, проблематикалық мәселенің бірі малдарды тиісті түрде санаққа және тіркеуге қою (паспорттау, белгі салу, таңба салу т.б).

Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар құқық қорғау, жергілікті атқару органдарының профилактикалық тұрғыда, қоғаммен бірлесе отырып нақты шешімге қол жеткізу қажет

Алматы облысының прокуратурасы 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.