You are here

Алматы облысы Райымбек ауданының прокуратурасы облыстық прокуратураның «Қауіпсіз қала» атты пилоттық жобасын жүзеге асыруда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы облысы Райымбек ауданының прокуратурасы облыстық прокуратураның «Қауіпсіз қала» атты пилоттық жобасын жүзеге асыруда - 212934247

13.09.2017 жылы Алматы облысы Райымбек ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ш.С. Құтелов облыстық прокуратураның «Қауіпсіз қала» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында, ауданның көрші ҚХР елімен шекаралас, шалғай аймақта орналасқан бірқатар ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты, «Қауіпсіз қала» атты жобасының  талабына сай, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жұмысты күшейту мақсатында қоғаммен құқық қорғау органдарының арасында тығыз қарым-қатынасты орнату, азаматтар арасында құқық бұзушылыққа деген нөлдік төзімділікті қалыптастыру болып табылады. 

Кездесу барысында аудан прокуроры әрбір ауыл тұрғынымен жеке сұхбаттасып, олардың көкейінде жүрген біраз сұрақтар мен мәселелерді анықтап, сұрақтарына жауап беріп, қажетті ақпараттар ұсынды.

Сонымен қатар, аудан прокурорының арнайы бекіткен жұмыс кестесіне сай, аталған бағыттағы жұмыстарды, аудандық прокуратураның барлық қызметкерлері атқаратын болады.

Алматы облысы Райымбек ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.