You are here

Кеден аймағындағы жалпы туындайтын сұрақтар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Кеден аймағындағы жалпы туындайтын сұрақтар - 130830112

2017 жылдың 9-10 тамыз күндері аралығында Алматы облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Алтынкөл» кедендік бақылау бекетінің «Жаркент» және «Қорғас» ШМЫХО кедендік өткізу пунктерінде АІІБ-нің, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің, ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен және кәсіпкерлердің қатысуымен «Кеден аймағындағы жалпы туындайтын сұрақтар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде Алматы облысы прокуратурасының 1-ші басқарманың бастығы С.А. Оңалбаев сөз алып, қазіргі кезде Елбасының шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мен дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесін бірінші кезекке қойып отырғанын айтты.

Басқарма бастығы өткізіліп отырған шараның тиімділігін арттыру мақсатында, облыс прокуратурасының жедел қызметкерлері мен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан тұратын шұғыл топ құрылып жұмыс істеп жатқандығын, облыс және аудан прокуратурасының сенім телефонына ауданның әрбір кәсіпкері кедендік бақылау жүргізу кезінде бақылаушы  және қадағалаушы органдар тарапынан жүргізіліп жатқан заңсыз немесе негізсіз әрекеттер жөнінде хабарласа алатындығын ескертті.

Осыған қатысты, прокуратура қызметкерлері баяндама жасап арнайы рұқсат алу құжаттарын алу және шекаралас органдардың бір-бірімен тез арада ақпарат алмасуын егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Бұдан бөлек, іс-шараға қатысушы кәсіпкерлер және сыртқыэкономикалық қызмет қатысушылары сөз сөйлеп, пікір-таластар болып, олардың қойған сұрақтарына нақты жауаптар берілді. 

Алматы облысы Панфилов ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.