You are here

Пара алған адам міндетті түрде жазаланады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сотталушы «Ә» есімді азаматша мемлекеттік қызметкер бола отырып, мемлекеттік функцияларды орындау барысында лауазымдылық қызметін пайдалана отырып айтарлықтай мөлшерде 150 000 ақша түрінде пара алғаны анықталған.

Атап айтқанда, «Ә» есімді азаматша мемлекеттік қызметкер бола тұра, 2017 жылдың басында мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорнының жұмысшыларынан еңбек ақыны және іс-сапар шығындарының толық төленбеуі туралы ұжымдық арызы келіп түскен.

Арызды қарау барысында, Ұйғыр аудандық прокуратурасымен тексеруге Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің қызметкері маман ретінде тартылды. Маманның жүргізілген тексеру бойынша: 2016 жылллы зейнетақы қорына және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қоспағанда арыз иелеріне, нақты айтқанда, «К» есімді азаматшаға 71 670 теңге, «Б» есімді азаматқа – 80 751 теңге, «А» есімді азаматшаға – 77 884 теңге, «Ж» есімді азаматшаға – 69 285 теңге еңбек ақы есептелмегені және төленбегені анықталған.

Маманның қорытындысының негізінде, кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін аудандық прокуратурасымен 2017 жылдың 6 ақпанда Заң бұзышылықты жою туралы ұсыныс енгізілген.

Осы сәтте, «Ә» есімді азаматша мемлекеттік қызметкер бола отырып,  «А» есімді азаматшаны қызметте құдаламай, өз қамқорлығына алуы үшін 150 000 теңге көлемінде сыйақты алу арқылы заңсыз байуға бағытылған қылмыстық ниет туындап, пайдакүнемдік ниетпен қылмыстық нәтижені көздей отырып, 150 000 теңге көлемінде пара беруін сұраған.

Сонымен қатар, Жаркент аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің тергеушісімен, «Ә» есімді азаматшаға қатысты Қылмыстық Кодексінің 366 бабының 2 бөлігімен (пара алу) тіркелген қылмыстық іс, Ұйғыр аудандық сотына Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексінің 190 бабының 7 бөлігінің 1 тармағына (жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру) сәйкес сотқа берілген.

Ұйғыр аудандық сотының 04.05.2017 жылғы үкімі бойынша ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен сотталушы «Ә» есімді азаматша кінәлі деп танылып, аталған бап бойынша мемлекеттік басқару жүйесінде лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 60 еселенген, яғни, (9 000 000 тенге) сомма мөлшерінде мүлкін тәркілей отырып айыппұл түріндегі жаза қолданылған.

Алматы облысының Ұйғыр аудандық прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.