You are here

Райымбек ауданының прокуратурасымен ведомствоаралық кеңес өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Райымбек ауданының прокуратурасымен ведомствоаралық кеңес өткізілді 	 - 1026035700

23.05.2017 жылы аудандық прокуратурамен, аудандық «Мәдениет үйінің» үлкен жиналыс залында кезекті ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Аталған іс-шараның күн тәртібінде «Жетісу    балалар    үйінсіз»,  «Мүгедектерге     жұмыс», «Ұрлыққа тосқауыл», «Алимент. Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» және «Бизнесті қорғау жол картасы» атты Бас Прокуратура мен Облыстық прокуратура жобаларының, аудан аумағында жүзеге асыру бағытында жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары мен басқа да жауапты мекемелермен атқарылып жатқан қызметтері жайлы.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы орын алатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды алдын алу сияқты 3 сұрақ қаралды.

Жиынға аудан әкімі мен орынбасарлары, маслихат хатшысы, ішкі істер бөлімінің басшысы мен жауапты қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры, ауыл әкімдері, мектеп директорлары,  басқа да аудан аумағында орналасқан жауапты мекемелердің басшылары мен мүмкіншлігі шектеулі азаматтар, аудан тұрғындары, ақсақалдар, айелдер кеңестері, қоғамдық ұйымдар қатысты.

Жиын барысында баяндамалар жасалып, сұрақтар қойылып, нәижесінде жауапты органдарға хаттамалық тапсырмалар берілді.

Аталған іс-шараларды өткізу барысында облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары «Райымбек» және «Хан тәңірі» газетінің тілшілері қатысты.

Алматы облысының Райымбек аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.